ШЫМКЕНТ: КОММУНАЛДЫҚ ТӨЛЕМ БОЙЫНША САLL-ОРТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Төтенше жағдай кезінде коммуналдық қызметтер шығындарын өтеу мақсатында (15 мың теңге) азаматтарға кеңес беру үшін 29.04.2020 жылдан бастап Call-орталығы жұмысын бастады.
Орталық таңғы 9:00-18:00-ге дейін, үзіліссіз жұмыс істейді.

15 000 теңгеден берілетін әлеуметтік көмек бойынша туындаған сауалдар болса, енді 8(7252) 39-23-68 нөміріне хабарласуларыңызға болады.

Айта кетсек, мемлекеттік органдардың ұсынысы негізінде коммуналдық шығыны үшін төлем алушылардың келесі санаттары айқындалған. Олар:

  • 1, 2, 3 топ мүгедектері;
  • мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
  • көпбалалы отбасылар;
  • ҰОС мүгедектері мен қатысушылары, ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген тұлғалар;
  • мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау барысында, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындық барысында немесе ұшу кезінде, адам өмірін құтқару және құқық тәртібін сақтау кезінде қаза тапқан тұлғалардың отбасылары;
  • төмен және одан аз зейнетақы алатын зейнеткерлер;
  • атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғызбасты зейнеткерлер.