ШЫМКЕНТТЕ ХАЛЫҚҚА ТАРАТУ МАҚСАТЫНДА БІРНЕШЕ МИЛЛИОНДЫҚ ЗАТТАЙ АЙҒАҚТАР МЕМЛЕКЕТ ТАБЫСЫНА АЙНАЛДЫРЫЛҒАН

2020 жылдың 1 тоқсанында ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық  тергеу департаменті мемлекет мүлігіне 6 сот үкімі бойынша заттай айғақтарды тапсырған: 

  • 28000 АҚШ доллары және 6 649 960 теңге сомасындағы ақша қаражаты. 
  • 17 теледидар, 38 жүйелік блок, сондай-ақ 39 монитор.

Қазіргі уақытта тағы 6 қылмыстық іс бойынша тәркіленіп алынған заттай айғақтар мемлекет табысына айналдыру бойынша жұмыс жүргізілуде.. 

Барлық тәркіленіп алынған заттар алдағы уақытта #BIZBIRGEMIZ жалпы республикалық акциясы аясында халықтың әлеуметтік осал топтарына тапсырылатын болады. 

dknews.kz

фото: 112 Украина