ШЫМКЕНТ: 265 895 АЗАМАТҚА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТАҒАЙЫНДАЛҒАН

2020 жылғы 26 сәуір, сағат 9-дағы мәлімет бойынша Шымкент қаласынан төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемді алу үшін арнайы портал, сайттардан 534 493 адамнан өтініш түскен.

Оның ішінде 265 895 адамға әлеуметтік төлем тағайындалған болса, 262 166 азаматтың өтініші бойынша оларға әлеуметтік төлем тағайындалмайтындығы анықталып, кері қайтарылған.

Жалпы әлеуметтік төлем алатын 265 895 азаматтың ішінде 253 113 өтініштер бойынша, ал, 12 782-іне проактивті (атаулы әлеуметтік алушылар және бірыңғай жиынтық төлем жасаған азаматтар) түрде тағайындалды. Бүгінге дейін 261 313 азаматқа 42500 теңгеден әлеуметтік көмек карталарына аударылған.

Айта кетейік, кері қайтарылып, көмек тағайындалмаған өтініштер – бірнеше рет қайталанған, жұмыс істейтін азаматтардан, зейнеткерлерден, қайтыс болған азаматтар атынан түскен.

Шымкент қаласы төтенше жағдай жөніндегі штабы