ШЫМКЕНТ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ОНЛАЙН-КОНЦЕРТ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Бүгін Шымкент қаласы Полиция департаментінің Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында тікелей эфирде Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерінен құралған «Полиарт» тобы шағын-концерт ұйымдастырды.


Бұл үштік 8 наурыз мерекесі карсаңында қаламыздағы Арбатта нәзік жандыларға арнап, бірнеше ән шырқап, тұрғындардың сүйіспеншілігіне ие болған.


Шымкент қ. ПД-нің қызметкерлері карантинге байланысты үйде отырған қала тұрғындарына қолдау көрсету үшін онлайн-концерт ұйымдастырды.


Полицейлер тікелей эфирде көрермендер орындауларын сұранған жеті ән шырқады. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері азаматтарды төтенше жағдай режимін және барлық сақтық шараларын сақтауға шақырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Тікелей эфир кезінде көрермендер талантты орындаушыларға алғыстарын білдірді.