ОҚМУ АНТИСЕПТИК ЖАСАУДЫ ҚОЛҒА АЛДЫ

Антисептиктер қайырымдылық шаралар жасау мақсатында қаладағы балалар үйіне де таратылатын болады.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің жанындағы Инженерлік бейіндегі «Конструкциялық және биохимиялық материалдар» аймақтық сынақ зертханасында қолға арналған хош иістендірілген антисептик спрей жасап бастады.

Бұл антисептиктер бактерияларға, микробтарға және вирустарға қарсы әсер етуші сипатқа ие және теріні тітіркендірмейді, тері жарақаттарының жазылуына септігін тигізеді. Алып жүруге ыңғайлы 50мл. флокондарда дайындалған. Хош иістендірілген антисептиктер университет жатақханаларындағы студенттерге, университеттің жұмыс жасауын қамтамасыз етіп отырған жұмысшылар мен қызметкерлерге тегін таратып беру жоспарлануда.

Сонымен қатар қайырымдылық шаралар жасау мақсатында қаладағы балалар үйіне де таратылатын болады. Антисептиктің құрамы дүнижүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолға арналған антисептиктерді жасау рецептурасы мен МЕСТ Р 58151.1-2018 жалпы техникалық талаптар ұсынылған әдістемелер мен ережелер негізінде жасалған.

Жұлдыз Тайман adym.kz