МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БІРҚАТАР ЗАҢҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы «2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы үшінші хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы екінші хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сондай-ақ Президент «2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының құқықтық мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы екінші хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, сонымен қатар «1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы екінші хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.