12 БАЛАСЫ БАР ОТБАСЫ ПӘТЕРЛІ БОЛДЫ

Бүгін Шымкентте жалдамалы тұрғын үйде тұратын 12 баласы бар ата-ана кәсіпкерлерден сыйлық ретінде үш бөлмелі пәтер алды.

Осындай кең ауқымды іс жасаған кәсіпкерлер – қаладағы танымал кәсіпкер Қайрат Молдасеитов басқаратын Шымкент қаласы Кәсіпкерлер Палатасының Өңірлік Кеңесінің мүшелері болып табылады.

Өткен жылдың аяғында Шымкент қаласының Кәсіпкерлер Палатасы қиын жағдайға тап болған 12 баладан тұратын көп балалы отбасына баспана сатып алу мақсатында қаражат жинауға бастамашылық етті. Отағасы Мұхтар Бердіқұлов пен жұбайы Гүлнараның 7 баласы бар, 2014 жылы өз туыстарының (туған ағасының) тағы 5 баласының қамқоршысы болды. Ағасы мен әйелі жол апатынан қайтыс болды, бес кішкентай бала жетім қалды. Оларды әжесі алып кеткен, қайтыс болғанша 2014 жылға дейін бірге тұрған. Ол кезде 7 баласы болған Бердіқұловтар отбасы жетімдерді өздеріне алды. Мұхтар — жеке компанияда күзетші болып жұмыс істеді, Гүлнара — үй шаруасында болды, отбасы әрдайым жалдамалы пәтерде тұрды.

Шымкент қаласы Кәсіпкерлер Палатасы Өңірлік Кеңесінің мүшелері отбасымен болған жағдайды біліп, үш ай ішінде «Менің Атамекенім» қоғамдық фондына 8,5 млн теңге аударып, жиналған ақшаға 3 бөлмелі пәтер сатып алып берді. Бұдан басқа, кәсіпкерлер отбасы дайын үйге бірден кіре алуы үшін пәтерді жөндеу шығындарын өз мойнына алды. «Бал текстиль» кілем фабрикасы отбасына кілем сыйлады, «Азала текстиль» компаниясы төсек-орын жабдықтары және монша жабдықтарымен қамтамасыз етті. Іскер әйелдер кеңесінің кәсіпкері (төрағасы Алма Архабаева) балалар киімін, Тұрмыстық техника мен отбасы үшін ыдыс-аяқ сатып алды. ӨКП Іскер әйелдер Кеңесінің кәсіпкері отбасы үшін балалар киімдерін, тұрмыстық техникалар мен ыдыс-аяқ сатып алды.

Пәтер кілттерін тапсыру салтанатты рәсімі кезінде кәсіпкерлер өз отандастарына, әсіресе, қазіргі қиын жағдайда немқұрайлы қалмауға және өз халқына әрдайым пайдалы болуға шақырды.

— Қазір кәсіпкерлер қиын кезеңдерді бастан өткеріп жатыр, төтенше жағдай мен карантинге байланысты, олардың көпшілігі жұмысын тоқтатты. Бірақ ең бастысы, мұндай жағдайда да біздің кәсіпкерлер әлеуметтік жауапкершілікті сезініп, әлеуметтік әлсіз отбасыларға қамқор болып, қолдау көрсетеді. Біз «Корпорация «Береке А» ЖШС, «Отау строй» ЖШС, «DALA Construction» ЖШС, «Зерде» ҒӨБ ЖШС, «Бал текстиль» ЖШС, «ЗБН Визит» ЖШС, «FEBgroup» ЖШС, «КазМедПром» ЖШС, «АГФ Груп» ӨК ЖШС, «А.Р.Т. Құрылыс» ЖШС, «Мұнай Инвестмент груп» ЖШС, «Үш сай» ЖШС, «КАТКА» Қазақ-түрік Кәсіпкерлер Қауымдастығы ЖКжЗТБ, «Mega Smart ЖШС, «Еврокристалл» ЖШС компанияларына пәтер сатып алуға көмектескені үшін ризамыз. Жалпы, пандемия басталғалы бері тек Өңірлік Кеңестің мүшелері шымкенттіктерге 100 миллион теңгеге көмек көрсетті. Көмек ақша қаражатымен, эпидемияға қарсы препараттармен, обаға қарсы костюмдермен және маскалармен және тамақ өнімдерімен көрсетілді. Еске сала кетейін, Өңірлік Кеңестің Төрағасы Қайрат Молдасейітов бірінші болып карантин жағдайында көмек көрсетуге 20 миллион теңге бөлді. Баршаңызға үлкен рахмет, — деп атап өтті Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасы директордын орынбасары Олжас Жансеитов.